Америкалық боксшы Головкинмен жұдырықтасатынын мәлімдеді

Америкалық боксшы Головкинмен жұдырықтасатынын мәлімдеді

Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян тілшілерге берген сұқбатында қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

- Иә, менің GGG-мен жекпе-жегіме қатысты жаңалық бар. Ертең барлығы жария етіледі, - деп мәлімдеді ол. 

34 жастағы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) 2016 жылдың мамырында Эрисланди Ларадан ұпай санымен жеңілгеннен кейін кәсіпқой бокста екі жылға жуық жекпе-жек өткізген жоқ. Ол Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін бірінші орта салмақтан орта салмақ дәрежесіне көтерілуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или