Қанат Ислам «Канеломен» кездескісі келетінін айтты

Қанат Ислам  «Канеломен» кездескісі келетінін айтты

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

ESNews телеарнасының тілшісі Эли Секбах «Қазақтың» жаттығуларының бірінде болып, отандасымызға бірнеше сұрақ қойған екен.

— Қанат, 25 жекпе-жектің бәрінде жеңілген жоқсың. Жақсы рекорд.

— Маған мықты қарсылас тауып берсеңіздер екен (күледі).

— Джермелл Чарломен жұдырықтасар ма едіңіз немесе «Канеломен»?

— Иә, қуана-қуана келісер едім (күледі).

— Ал GGG-мен жекпе-жекке қалай қарайсың?

— Ол 160 фунтта ғой.

— Жақында жекпе-жек өткізесің бе?

— Иә.

Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың қыркүйегінде шықты. Ол кезде канадалық Брэндон Кукті техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Қанаттың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарлануда, қай күні және қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или