WBC Фируза Шарипованың Ева Вальстреммен жекпе-жек өткізуіне рұқсат берді
<span>Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBC) кәсіпқой бокста әлем чемпионы Фируза Шарипованың FSK Promotion промоутерлік компаниясына финляндиялық боксшы Ева Вальстреммен жекпе-жек ұйымдастыруға рұқсат берді, - деп хабарлайды prosports.kz сайты </span><span>қазақстандық боксшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span>
<span>Бұл жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Вальстремге тиесілі WBC тұжырымы бойынша белбеу мен осы салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Шариповаға тиесілі IBO чемпиондық титулдары сарапқа салынады.</span>
<span>Жекпе-жек 24 қазанда Монакода, Sportel спорт арналарының халықаралық конвенциясы кезінде болады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или