Альварес бокстан шеттетілсе The Ring чемпион атағын қайтарып алады
Бокс туралы ең көне The Ring журналының редакциясы Сауль «Канело» Альварес допингке байланысты спорттан шеттетілген жағдайда, мексикалыққа берген атағын алып қою туралы шешім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл жайында басылымның бас редакторы Дуглас Фишер журналдың «Дүйсенбінің хабары» айдарында жазды.
- Комиссия сәрсенбі күні Лас-Вегаста өтетін тыңдаудан кейін «Канелоны» бокстан шеттетсе, орта салмақтағы чемпион деген атағымыздан айырудан басқа амал қалмайды, - деп жазыпты ол.
Еске салайық, 17 және 20 ақпандағы тест Альварестің қанында кленбутерол барын көрсеткен. Боксшының командасы мұны тамаққа қосқан еттің зарарлы болғанымен түсіндірді. Алайда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) мексикалықты уақытша спорттан шеттеті.
«Канелоның» өзі 5 мамырда Лас-Вегаста Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқан болатын. Альварес The Ring чемпионы атағын 2015 жылы 21 қарашада Мигель Коттоны жеңгеннен кейін иеленген еді.