Мурат Гассиев пен Александр Усик арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Мурат Гассиев пен Александр Усик арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

<span>Дүниежүзілік бокс сериясының финалында кездесетін Мурат Гассиев пен Александр Усик арасындағы жекпе-жек белгіленген күні өтпейтін болды, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>

<span>WBA мен IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Мурат Гассиев пен WBC мен WBO тұжырымдарының чемпионы Александр Усик арасындағы 11 мамыр күні өтетін жекпе-жек кейінге шегерілді. Украиналық боксшы жаттығу барысында жарақат алып, жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Қос мықтының арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні нақты шешілген жоқ.</span>

<span>Айта кетейік, Мурат Гассиев шаршы алаңда 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 19 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Усик 14 кездесу өткізіп, 11 мәрте қарсыластарын нокаутқа жіберген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или