Александр Недовесов Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (242) Наньчан (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
<span>Алғашқы айналымда отандасымыз Оңтүстік Африка Республикасының теннисшісі Ллойд Харристі (240) жарыс жолынан шығарды. 1 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. </span>
<span>Недовесов келесі кезеңде оңтүстік кореялық Юн-Сон Чонмен (520) кездеседі. Бұл матч ертең Астана уақытымен 09:00-де басталады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или