Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтеді

Сәуірдің 20-ы мен 24-і аралығында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында бокстан ҚСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Амалбек Тшановтын жүлдесіне арналған V халықаралық турнир өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс Республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде, (Тимирязев көшесі, 41) өтеді. Турнирдің басты мақсаты бокс спорт түрін жастардың арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау болып табылады. Бокс додасының ашылу салтанаты сәуірдің 20-ы күні сағат 15:00 болады.

Турнирге тек спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылғы боксшылар қатыса алады. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 өзара мықтыны анықтайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медал және бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы», «Күннің үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или