«Арландардың» бұрынғы бапкері үш күн бойы комада жатыр

«Арландардың» бұрынғы бапкері үш күн бойы комада жатыр

13 сәуірде «Astana Arlans» командасының бұрынғы жаттықтырушысы, бокстан Украинаның еңбек сіңірген бапкері Сергей Корчинский ауыр жарақат алды.

Корчинский көшеде белгісіз біреумен жанжалдасып қалған, ол артынша төбелеске ұласты. Төбелес кезінде бапкер соққы алып, оның басы асфальтқа тиген. Соның салдарынан есінен танып қалды. Соққы жасаған адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Корчинский жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілді. Қазір денсаулығы бір қалыпты, бірақ әлі медикаментоздық комадан шықпаған.

Полиция шабуылдаған адамды іздестіріп жатыр, ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Айта кетейік, Сергей Корчинскийдің жаттықтыруымен «арландар» 2013 жылы WSB чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или