RomaSport
Басқа

ШҚО-да тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде көру қабілет төмен және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтуде.

Мұнда жарыс қожайындарынан бөлек, Семей қаласынан және Ұлан, Шемонаиха аудандарынан келген ойыншылар өз шеберліктерін байқатуда.

– Біз бұл жарыста республикалық додаларда өңір намысын қорғайтын спортшыларды іріктейтін боламыз, – деді сайыстың бас төрешісі Әсем Жұмаділова.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бес күнге жалғасатын жарыс барысында белгілі болмақ. Жеңіс тұғырына көтерілген ойыншылар алдағы маусым айында Тараз қаласында өтетін ел чемпионатында аймақ намысын қорғайтын болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер