Америкалық жігіт басына Головкиннің портретін салғызды

Америкалық жігіт басына Головкиннің портретін салғызды

Америкада шаштараз Мигель Росас Twitter-де қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған жұмысының суретін жариялады, деп жазады<span> sputniknews.kz.</span>

Шаштаразға келген клиенттердің бірі шүйде тұсына Головкиннің суретін салғызған. Шебердің жұмысын GGG промоутері Том Леффлер бағалап, онымен әлеуметтік желіде бөлісті.

​Бұл Мигельдің алғашқы жұмысы емес. Росастың аккаунтынан танымал жұлдыздардың шаш қию арқылы салынған портреттерін көптеп кездестіруге болады. 

Айта кетсек, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда StubHub Center (Карсон, Калифорния штаты) өтеді деп жоспарлануда. Жерлесіміздің шаршы алаңға кіммен шығатыны әлі белгісіз, алайда қарсылас ретінде америкалық Ванес Мартиросянның есімі жиі аталып жүр.

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или