RomaSport
Басқа

ШҚО-да спорттық бағдарлаудан облыс біріншілігі өтуде

ШҚО-да спорттық бағдарлаудан облыс біріншілігі өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп сайысуда. Десе де, спортшылар жас ерекшелігіне қарамай теңдей өнер көрсетуде. Жарыс алты қашықтық бойынша өтуде. Бағдарлаушылар спорттық карта мен компасты пайдаланып әр жердегі белгісіз бағытты өтулері тиіс. Нәтиже жинаған ұпай мен жарыс жолын жүріп өткен уақыты бойынша шығарылады.

Бұл сайыс спорттық бағдарлауды жастар арасында кеңінен насихаттап, жоғары деңгейлі қатысушыларды анықтау мақсатымен өтуде. Сегіз күнге жалғасатын сайыс барысында төрешілер спортшылардың дайындығын байқайды. Осыдан барып облыс құрамасы жасақталып, олар одан ары республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайды. Таяу мерзімдегі сайыстардың бірі «Жоғарғы Тайынты» демалыс базасындағы балалар арасындағы спартакиада. Бұл мамырдың 8 мен 15 аралығында өтеді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер