Головкинмен жұдырықтасуға жаңа үміткер табылды

Головкинмен жұдырықтасуға жаңа үміткер табылды

Бразилиялық боксшы Ямагучи Фалькаодың (15-0, 7 KO) менеджері Джоди Калиджуйре өз клиентінің 5 мамыр күні Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты mmaboxing.ru-ға сілтеме жасап.

- Біз осы керемет жекпе-жекке толығымен дайынбыз. Ямагучи бұндай деңгейдегі бокс кешіне қатысуға қабілетті. Ол GGG-мен белдесуге дайын. Әрі 5 мамырда шаршы алаңға шығуға құлшыныс танытып отыр. Ол әлемдегі кез-келген адаммен шайқасуға дайын. Ямагучи - жігерлі жігіт. Менше, оған осындай мүмкіндік қажет, - деді Калиджуйре.

Фалькау - 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Соңғы жекпе-жегін 31 наурызда колумбиялық Ричард Гутиерреске (30-18-2, 19 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Головкин 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек еді. Алайда Канело допинг дауына байланысты жекпе-жектен бас тартқандықтан, отандасымыз өзіне қарсылас таппай әуреге түсуде.

âЯмагÑÑи ФалÑкаоâçå¾çæç´¢ç»æ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или