WBC басшысы Головкинді сынға алды
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшының Геннадий Головкиннің қарсыласы не үшін әлі күнге дейін анықталмағанын айтты.
— Комиссия, промоутерлер, телеарналар, өзге де бокс ұйымдары - Головкиннің жекпе-жекке шығуына кедергі! Головкинге бірнеше қарсылас ұсынылды. Алайда ол барлығынан бас тартып жатыр, - деді Маурисио Сулейман.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес биыл 5 мамырда реванш өткізуі тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы екі рет допинг-тесттен өтпей қалды. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша бокстан шеттетті. Альварес болса 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.
Альварестің допингке қатысты ісінің тыңдауы 18 сәуірде өтеді. Ол телефон арқылы тергеледі немесе Лас-Вегаста NSAC сұрақтарына жауап береді. Егер ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаса, бір жылға дейін дисквалификациялануы мүмкін. Альварестің допинг-тесттен өтпей қалуы Головкиннің де жоспарына әсер етті, ол 5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниеттеніп отыр, бірақ әлі күнге дейін қарсылас табылған жоқ.