«Қайрат» пен «Астана» ойыншылары кездесу соңында төбелесіп қалды
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында ел чемпионы «Астана» «Қайрат» командасын қабылдаған болатын. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Алаң қожайындары қатарынан Бахтиер Зайнутдинов есеп ашса, қонақтар қатарынан Андрей Аршавин есепті теңестірген.
Төреші ысқырығы естілісімен қос қоманда ойыншылары жаппай төбелес бастаған.
Әуелде Аршавин мен Томасов сөзге келіп қалып, арты екі команда ойыншыларының жаппай қақтығысына ұласты.
Абырой болғанда төрешілер мен команда бапкерлері жанжалдың үлкен дау-дамайға ұласуына жол бермей, ойыншыларды ажыратып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или