«Астана» өз алаңында «Қайратпен» тең тарқасты
Қазақстан Премьер лигасының бесінші туры аясында «Астана» командасы өз алаңында «Қайратты» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

«Астана Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Қос команда бірінші таймда қарсылас қақпасын дәл көздей алмады. Ал екінші тайм бастала сала бар өнерлерін көрсетті. Алғашқы он минуттағы жойқын шабуылдар жанкүйер қауымды қуанышқа батырды.

Алдымен, Дмитрий Шомкодан пас алған Марин Томасов Покатиловтың төбесінен асыра тастаған еді допты. Стас қапы қалып, бос қақпаға еніп бара жатқан допты Ғафуржан Сүйімбаев алып шықты.

Араға бір-екі минут салып, елордалықтар сапынан Шомко ұлттық құрамадағы өз бәсекелесінің ерлігін қайталады. Исаэльден әдемі пас алған Уго Эричті қапы қалдырған еді. Бұл жерде де қақпаға кіріп бара жатқан допқа Дмитрий кедергі болды.

Осы екі өте қауіпті шабуылдан кейін жанкүйерлерге гол соғылған сәтті көрудің де мүмкіндігі туды. Твумаси сол қапталдан әуелеткен допты оң жақтан Томасов баспен ортаға бағыттады, осы жерде көп қорғаушының арасынан сытылып шыққан Бахтиер Зайнутдинов допты жата қалып баспен қақты. Гол!

Гол жіберіп алған соң алматылықтар да шабуылдан тартынған жоқ. Осындай шабуылдардың бірінде ойынға қосалқы құрамнан қосылған Андрей Аршавин есепті теңестірді.

Осыдан кейін ғана ойын қарқыны бәсеңсіді. Қос команда кезекпен тактикалық шабуылдарға шығып, қарсыластарының қателік жіберер сәтін күткен. Бірақ, осындан кейін гол соғылмады.
«Астана» - «Қайрат» 1:1 (0:0)
Голдан: Зейнутдинов 51 - Аршавин 71
«Астана»: Эрич (Қ)(К), Шомко, Аничич, Постников, Бейсебеков, Маевский, Кляйнхайслер, Зайнутдинов, Твумаси, Томасов, Муртазаев.
«Қайрат»: Покатилов (Қ), Лунин, Бато, Элек, Сүйімбаев, Қуат, Фелипе, Исламхан (К), Исаэль, Вороговский, Уго.