Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны анықталды

Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны анықталды

АҚШ-та полицей болып жұмыс істейтін Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов 28 сәуірде Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецки бокс кешінің шеңберінде рингке шығады, деп хабарлады kaz.tengrinews.kz.

<span>Ниязовтың (13-0-3, 6 КО) қарсыласы 25 жастағы мексикалық боксшы Анхель Саринана болады, ол кәсіби деңгейде жеті рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген және екі рет тең түскен. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде және алты раундпен өтеді. <br /></span>

<span>Бокс кеші 28 сәуірде ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирннің ұйымдастыруымен болатын шоу шеңберінде Нью-Йоркте өтеді. Сонымен қатар, андеркартта жартылай орташа самақ дәрежесінде Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов жұдырықтасуы тиіс. Бұл кездесу ол үшін кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жек болады, бірақ қарсыласының кім екені әлі белгісіз. Қазақстандық боксшы наурыздың басында Эдди Хирнмен келісімшарт жасасқан болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или