Қазақ боксшы Қытай чемпионатында топ жарды
Қытайдың Шыңжаң автономиялық өлкесінде туып-өскен ұлты қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатханұлы ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Қытайлық Жэньминь Жибао басылымының хабарлауынша, бұл додада бокстан Шыңжаң өлкесі ерлер құрамасы 8 медаль еншілеп (2 алтын, 1 күміс, 5 қола), топтық есепте 1-орыннан көрінді.</span>
<span>75 кг салмақта сынға түскен Тоқтарбек Таңатханұлы ақтық сында Аньхой провинциясы атынан сынға түскен Хуан Янхуиды тізе бүктіріп, өз салмағының чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол 2018 жылы Индонезияның астанасы Джакартада өтетін Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.</span>
<span>Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы өткен жылы XIII кезекті жазғы Жалпықытай спартакиадасында төрешілердің әділетсіз шешімімен күміс медаль еншілегені туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, 2018 жылы қаңтар айында қандасымыз 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін жеңіп алған болатын.</span>