Тайсон Фьюри 9 маусымда шаршы алаңға шығады
Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Тайсон Фьюри рингке қайта оралды.
Кәсіпқой бокстағы 25 жекпе-жегінің барлығын жеңіспен аяқтаған британиялық спортшы араға үш жыл салып қолғапты қайта киді. Тайсон 9 маусымда Манчестер қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әлі белгісіз. Фьюри 2015 жылы қараша айында украиналық Владимир Кличкодан басым түсіп, төрт бірдей тұжырымда чемпион атанған болатын. Алайда одан кейін ол шаршы алаңға шыққан жоқ. Тайсонға тиесілі чемпиондық белбеулерді тағы бір британиялық боксшы Энтони Джошуа ұтып алды. Фьюри отандасымен 9 маусымда кездесуге дайын екенін айтады. «Тіпті Джошуаны нокаудқа жіберемін», – дейді.
Тайсон Фьюри, кәсіпқой боксшы:
- Мен бокста маған тиесілі еншімді алуға келдім. Бұл жолы қызықты саяхаттар күтіп тұр. Жанкүйерлерімді қуантатын жекпе-жекті асыға тосамын. Қазір мен спорттық ғұмырымдағы ең жақсы бабымдамын. Ауыр салмақтағы чемпиондардың барлығы да маған қарсы тұра алмайды. Менің күш-қуатым мен деңгейімді 9 маусымда Манчестерде көресіздер.