Фируза Шәріпова әлем чемпионымен жұдырықтасады

Фируза Шәріпова әлем чемпионымен жұдырықтасады
Бокстан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстром WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізуге келісім берді.

Бұл туралы қазақстандық боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Біз Евы Вальстремнің промоутері Петри Паймандерден жауап алдық. Қазір Вальстрем операциядан кейін оңалып жатыр. Сондықтан маусымда жұдырықтаса алмайды. Екі ай жаттыға алмайды. Дегенмен олар Шәріповамен 24 қазанда жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытты. Дүйсенбіде келісім жасай бастаймыз, - дейді қазақстандық боксшының менеджері Сергей Завилейский.

Жекпе-жек 24 қанада Монакода, Sportel спорт арналарының халықаралық конвенциясы кезінде болады.

Еске салайық, соңғы рет Шәріпова Алматыда жекпе-жек өткізіп, Джемилла Гонтарюкті жеңген. Осылайша, IBO және WBC Silver белбеулерін иемденіп, WBC чемпиондығына міндетті үміткер болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или