Шетелдік БАҚ Шәрібаевтің жеңілісі туралы: қазақтың бәрі – Головкин емес
Fan del Box Twitter қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаевтің (7-1, 6 КО) америкалық Эндрю Кансиодан (18-4-2, 14 КО) жеңіліп қалуына қатысты пікір білдірді, деп жазады отандық басылымдар.
- Қазақтың бәрі – Головкин емес. Бұл кеште Шәрібаев 10-шы раундта нокаутқа түсіп, жеңілмеген боксшы деген аттан айырылды. Кансио панчерді ұтып, қайтып оралды!, - деп жазды Fan del Box.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Индио қаласында Golden Boy компаниясының бокс кеші аясында қазақстандық Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Кансио арасында титулды жекпе-жек өтті.
Үшінші раундта Кансио біздің боксшыны нокдаунға жіберді, Шәрібаев бесінші раундта тағы да нокдаун алды.
Соңғы оныншы раундта қазақстандықтың командасы рингке орамал лақтырды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі, ол бұған дейін жеті рет жеңіске жеткен (алтауында – мерзімінен бұрын). Ал Кансио 18-ші жекпе-жегін жеңіп алды (14-ін мерзімінен бұрын), төрт рет жеңіліп, екі рет тең түскен.