RomaSport
Басқа

ШҚО боксшысы Болгария жерінде жүлдегер атанды

ШҚО боксшысы Болгария жерінде жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ тәрбиеленушісі бокстан Э.Джетчевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті. Шаршы алаң бәсекесінде барлығы 17 елден келген 2002-2003 ж.т. спортшылар өзара күш сынасты.

Қазақстан құрамасы аталмыш сайыста жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Ел құрамасы қоржынына шығысқазақстандық жас былғары қолғап шебері де жүлде салды. Алғашқы жекпе-жегінен бастап Ерасыл Жакпеков ширақ қимылдап, сәтті өнер көрсетті. Жас боксшы 70 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шығып, ақтық сынға іркілмей өтті. Алайда, шешуші сында жарыс қожайыны, болгариялық қарсыласына жол беріп, күміспен күптелді. Бұл сынға ел құрамасын тәжірибелі бапкер Қайрат Сатжанов жаттықтырды.

Ерасыл Жакпеков Талғабек Жакпековтың шәкірті. Өткен жылдың жазында жас спортшы бокстан Азия чемпионы атанды, сонымен қатар, ол ҚР спорт шебері болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер