Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегінің мерзімі анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Батыр Жүкембаев алдағы жекпе-жегін мамыр айының соңына таман өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпқой боксшы инстаграммдағы ресми парақшасында жария етті. Ол өз сөзінде: «Алла қаласа, келесі жекпе-жегім 26 мамыр күні өтеді. Алға, Қазақстан», – деді Батыр.
Айта кетейік, Батыр Жүкембаев шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Батыр соңғы кездесуінде мексикалық Ное Нунезді 30 секундта ұрып сұлатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или