Ауыр атлетикадан ұлттық құрамамыз алтыншы орын алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жасақталған ұлттық құрамамыз 1 күміс, 1 қола иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды Әзірбайжан құрамасымен бөлісті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или