5 мамырға қарсылас іздестіру Генадий Головкин мен оның тобын тығырыққа тіреді.
Головкин IBF бойынша әлем чемпионы титутылынан айырылуы мүмкін
Белгілі болғандай, украиналық Сергей Деревяченконың өкілдері IBF ұйымынан GGG-мен тутылын қорғау үшін кездесу өткізуді сұрады. Олардың боксшысы IBF бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер. Генадий соңғы рет бұл белбеуін 2016 жылы Доминик Уэйденмен кездесуінде қорғаған.
Бұдан басқа, Головкиннің қарсыласы ретінде америкалық Ванес Мартиросян және бразилиялық Ямагучи Фалькао қарастырылуда.
Егер, IBF Деревянченко тарабының өтінішін қанағаттандырып, Головкин басқа боксшымен кездесу өткіземін деп шешсе, ұйым оны белбеуінен айыруы мүмкін.
Сонымен қатар, Головкин өзінің белбеуінен бас тартқысы келмесе 5 мамырдағы кездесуін басқа датаға шегеріп, Деревянченкомен жұдырықтасуына тура келеді.
Айта кетейік, IBF аталмыш мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ.