Том Леффлер: Головкин 5 мамырда жұдырықтасатынына сенімді емеспін
Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз клиентінің 5 мамырдағы жекпе-жегінің өтетініне сенімді емес.
«Дәл қазір мен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 5 мамырда өтетініне сенімді емеспін», - деді Леффлер Worldboxingnews.net-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, Головкин 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек еді. Алайда Канело допинг дауына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Енді жекпе-жекке бір айдан аз уақыт қалса да, Головкинге қарсылас табылмай жатыр. Бұған дейін мексикалық Хайме Мунгия мен америкалық Ванес Мартиросянның кандидатуралары алынып тасталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или