WBC, WBA және IBF Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды
<span>Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинге америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды Prosports.kz Kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>«Иә, Мартиросян Калифорнияда Головкинге қарсылас ретінде ұсынылған, алайда телефон арқылы жүргізілген конференция кезінде IBF, WBC және WBA келіспеді. Оны Головкиннің қарсыласы ету үшін саудаласу керек. Санкциялық органдар мәселені кешкі конференцияда шешуге тырысады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты», - деп жазды өзінің Twitter желісіндегі парақшасына Los Angeles Times журналисі Ланс Пагмайер.</span>
<span> Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамырда өтеді. Өтетін орын ретінде әзірше Лас-Вегастағы MGM Grand белгіленді. Мұның алдында Невада штатының атлеттер комиссиясы 24 жастағы Хайме Мунгуйемен (28-0, 24 КО) де жұдырықтасуға рұқсат бермеді. Өйткені мексикалық боксшы 12 раундтық жекпе-жекте жұдырықтаспаған екен. </span>