Головкин күзге дейін рингке шықпауы мүмкін
Қазақстандық Геннадий Головкин 5 мамырда жекпе-жек өткізбесе, ұзақ уақыт бойы рингке шықпауы мүмкін.
<span>Boxingscene.com ақпаратына сүйенсек, Головкиннің 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегі қарсылас табудың қиындығына байланысты өтпей қалуы да ықтимал. Ал Геннадий мамырда жекпе-жек өткізбесе, Сауль Альвареске қарсы екінші кездесуіне дейін рингке оралуы екіталай. </span>
<span>Егер Канело бокстан 6 айға шеттетілсе, рематч 15 қыркүйекте өтуі мүмкін. Дереккөздің мәліметінше, Альварес те рематчқа дейін Головкиннің басқа боксшылармен жұдырықтасқанын қаламайды екен. </span>
<span>Ал егер Альварестің жазасы алты айдан да ұзақ болса, GGG мексикалық боксшымен екінші рет шықпас бұрын, басқа қарсыласпен қолғап түйістіреді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или