WBC президенті Головкинге лайықты қарсылас бола алатын боксшыны атады

WBC президенті Головкинге лайықты қарсылас бола алатын боксшыны атады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ирландиялық боксшы Гэри О’Салливанның қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ең лайықты қарсылас екенін айтты, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Естеріңізде болса, 5 мамырда өтуі тиіс жекпе-жектен мексикалық Сауль Альварес бас тартқаннан кейін, отандасымыз өзіне жаңа қарсылас іздестіріп жатыр.

- Гэри – WBC рейтингіне кіретін жақсы боксшы. Ол «Таза бокс» бағдарламасы үшін құжаттарды толтыруы керек. Менің ойымша, бұл жақсы кездесу болады. Бұл кездесуді мақұлдайды деп үміттенемін. Головкин белбеулерін қорғауға лайықты. О’Салливан шаршы алаңға 4 мамыр күні шығуға дайындалып жүрген. Ол – белбеулерін ерікті қорғайтын боксшыға лайықты қарсылас. Ол нашар боксшы емес, – деп келтіреді Сулейманның сөзін boxingscene.com порталы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или