Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейді

Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтпейді

Бүгін Невада атлетикалық комиссиясы (NSAC) Геннадий Головкиннің 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтеді деп жоспарланған жекпе-жегінің күшін жойғанын растады, деп хабарлайды prosports.kz сайты Boxingtalk.com-ге сілтеме жасап. 

Енді GGG келесі жекпе-жегін АҚШ-тың Калифорния штатында, Лос-Анджелес қаласына қарасты Карсон қаласында өткізеді. Отандасымыз 27000 адамға арналған StubHub Center аренасында жұдырықтасады.

WBC президенті Маурисио Сүлейман бұл ақпаратты растады.

- Жекпе-жек Лас-Вегаста өтпейді. Олардың ережелеріне сәйкес, бокс кешін ұйымдастыруға уақыт жеткіліксіз болды. Енді кездесу Калифорнияда өтетін болады. Қазір олар қарсылас іздеп жатыр, - деді Маурисио мырза.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или