Ева Вальстром Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізуге ниетті
<span>Бокстан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстром WIBA, WBU, WBC Silver бойынша чемпион белдігінің иесі Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>
<span>Финляндиялық боксшы Ева Вальстромның менеджері Фируза Шәріпованың ұсынысына жауап қатты.</span>
<span>- Қазір Еваның қабағы жарылған. Жарақаты бар. Толық шешімді 11-ші сәуір күні қабылдаймыз. Дәрігердің шешімінен соң Фируза Шәріповамен жекпе-жек өткізу туралы ойланамыз. Фирузамен Монакода жекпе-жек өткізгіміз келеді, - дейді Петри Паймандер.</span>
<span>Айта кетейік, Фируза Шәріпова 9-шы маусым күні Санкт-Петербург қаласында Ева Вальстромға жекпе-жек өткізуге ұсыныс тастаған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или