Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін айтты

Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін айтты

Танымал ресейлік нумеролог Клара Күзденбаева қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы пікірімен бөлісті. Ол Головкинмен жүзбе-жүз тілдескенін айтып, кездесуден алған әсері туралы әңгімеледі, деп хабарлайды prosports.kz сайты Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, нумерология бойынша GGG-дің жолы болғыш адам екенін атап өтті. Тағы бір қызығы, Күзденбаева Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін айтып отыр.

Клара Күзденбаева аталған сұқбатын 2018 жылдың қаңтар айында берген. Ол кезде боксшының қарсыласы ретінде Сауль Альварес тағайындалған, ал кездесу 5 мамырға жоспарланған еді.

- Головкин міндетті түрде жеңіске жетеді. Әр адамның жаңа жылы өз туған күнінен 13 күн кейін басталады. Геннадий 8 сәуір күні дүниеге келсе, оның жылы 21 сәуір күні басталады. Ол 6 санына шығып отыр, ал ол өте жоғары. Сондай-ақ, 5 мамыр Головкин үшін өте сәтті күн. Дәл осы күні оның эмоционалдық, физикалық және интеллектуалдық күйі жоғарылайды. Себебі бокс та интеллектуалдық ойынға жатады, ол жақта да есеп бар. Головкиннің аналитикалық қабілеті де жоғары, – дейді нумеролог.

Күзденбаева Генаның өте сезімтал, өнегелі адам екенін айтады. Айтуынша, бүкіл әлем танитын спортшының нумерологиясында барлық сан кездеседі екен.  Ал бұл өте сирек кездесетін жағдай, дейді Күзденбаева.

- Головкин – жолы болғыш адам. Сондай-ақ, ол өте еңбекқор, сабырлы, әділетті. Энергетикасы мықты, талантты, харизматикалы. Ең қызығы, ол уайымдаған кезде үлкен табысқа жетеді. Мұны Генаның өзі де біледі. Кей адамдарға уайымдауға болмайды, себебі сәттілік теріс айналады. Ал Геннадийде керісінше.

Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар. Алайда оның бойында күмәншілдік де бар. Мұны өзіне айтқанымда, мойындамады. Онымен 2017 жылдың жазында Лондонда жолыққан едім. Әлемдік жұлдыз болса да, көкірек емес. Мені сондай таңғалдырды, – дейді Клара Күзденбаева.

Бұдан бөлек, Күзденбаева Головкиннің соңғы кездесуі сәтсіз күні өткенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или