Головкиннің келесі жекпе-жегінің тағдыры бүгін шешіледі

Головкиннің келесі жекпе-жегінің тағдыры бүгін шешіледі

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман бүгін, 10 сәуірде бокс ұйымдарының басшылары Головкиннің титулдарын қорғау жекпе-жегін талқылайды, деп хабарлайды 24.kz.

- WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, беделді бокс ұйымдары басшыларымен телефон арқылы баспасөз конференциясын өткізеді. Онда Головкиннің келесі жекпе-жекте кіммен шығатыны талқыланады, – деп жазады vRINGe.com.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) – орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасын да қарастырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или