Головкин: Мен әлемнің үздік боксшысымын ба? Оны менен сұрамаңыз

Головкин: Мен әлемнің үздік боксшысымын ба? Оны менен сұрамаңыз

WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзін барлық салмақ дәрежесінде әлемнің үздік боксшысы санамайтынын айтты.

Калифорнияда «Санта Анита» дербиі алдында фанаттар мен журналистермен кездесуде репортерлердің бірі оған былай сұрақ қойды: «Өзіңізді P4P рейтингісінде бірінші нөмірмін деп есептейсіз бе?».

«Жоқ, кешіріңіз. Менен емес, басқа адамдардан сұраңыз», - деп жауап берді Головкин.

Айта кетейік, The Ring және Boxing News сынды беделді журналдар Геннадий Головкинді Р4Р рейтингісінде бірінші орынға қойған болатын.

Ал GGG келесі жекпе-жегін 5 мамырда өткізеді. Бірақ қарсыласы әзірше белгісіз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или