Головкиннің жекпе-жегі Калифорнияға ауыстырылуы мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегін Лас-Вегаста өткізбеуі мүмкін.
Айта кетейік, басында Головкин Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Сауль Альвареспен жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда бұл кездесу өтпейтін болды. Енді GGG басқа боксшымен Вегастағы MGM Grand аренасында кездесетін болды. Бірақ жекпе-жектің өтетін орнына қатысты басқа да ақпараттар шықты.
«Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегін StubHub Center аренасында өткізу туралы келіссөз жүріп жатыр. Оңтүстік Калифорниядағы фанаттар үшін жақсы жаңалық», - деп жазды Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр.
Айта кетейік, StubHub Center стадионында «Лос-Анджелес Гэлакси» футбол клубы мен «Лос-Анджелес Чарджерс» (американ футболы) командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Бұл стадионда 19 рет бокс кеші болған. Сыйымдылығы - 27 мың көрермен.