Басқа

Баландин Испанияда екінші алтынын алды

Баландин Испанияда екінші алтынын алды
news-banner7
mobile-news-top

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Малагада өтіп жатқан жүзуден Испания ашық чемпионатында кезекті алтынын алды.

Ол 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Дмитрий бір бассейнді 27.80 секундта жүзіп өтті.

Қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов 28.56 секунд көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Естеріңізге салсақ, Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында алтын алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер