Белгісіз адамдар Мейвезердің кортежіне оқ атты

Белгісіз адамдар Мейвезердің кортежіне оқ атты

Белгісіз біреулер Флойд Мейвезер отырған кортежге оқ атқан, бұл туралы RT жазды.

Қарулы шабуылдың салдарынан оқ боксшының күзетшісіне тиген. Оның аяғы жарақаттанды. Полиция шабуылдағандарды іздестіріп жатыр.

«Мейвезер автокөліктердің бірінде болған деп есептейміз және ол жарақаттанған жоқ. Бұл кездейсоқ шабуыл болмаған секілді», - дейді Атланта полициясының өкілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или