ESPN журналисі: Орта салмақ патшасын туған күнімен құттықтаймын

ESPN журналисі: Орта салмақ патшасын туған күнімен құттықтаймын

ESPN телеарнасының шолушысы Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Орта салмақ патшасы Геннадий Головкинді 36 жасқа толуымен құттықтаймын! Сыйлық ретінде саған 5 мамырға мықты қарсылас тауып бергім келеді», - деп жазды Рафаэль.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 5 мамырда Лас-Вегаста өткізеді. Қарсыласының кім болары белгісіз.

Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы Сауль Альварес болуы керек еді. Алайда ақпанда мексикалық боксшының қанынан допинг табылған болатын. Кейін ол жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или