Патрик Аллотей: Қанат Исламмен жекпе-жекте олар мені «тонап» кетті

Патрик Аллотей: Қанат Исламмен жекпе-жекте олар мені «тонап» кетті

Ганалық боксшы Патрик Аллотей қазақстандық Қанат Исламмен реванш өткізуді талап етті.

Ол 7 сәуірде отандасы Фрэнк Додзиді мерзімінен бұрын жеңіп, WBO аймақтық (Африка) чемпионы белбеуін иеленген болатын.

«Қанат Исламмен матч-реванш өткізгім келеді. Олар біздің бірінші жекпе-жегімізде мені «тонап» кетті, сондықтан онымен тағы да жұдырықтасқым келеді», - деді Аллотей.

Айта кетейік, Патрик Аллотей Қанат Исламды бұған дейін де екінші жекпе-жекке шақырған болатын. Олардың 2016 жылы 29 қазанда Алматыда өткен жекпе-жегінде Қанат төрешілер шешімімен ұтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или