Кубалық атақты боксшы Лара екі бірдей чемпиондық титулынан айырылды
WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (25-2-2, 14 КО) екі бірдей чемпиондық атағынан айырылды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның салмағындағы әлем чемпионы болған Эрисланди Лара IBF тұжырымының чемпионы америкалық Джарретт Хердқа (21-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Джаррет алғашқы минуттардан бастап жекпе-жектегі басымдылықты өз қолына алып, кубалық боксшының мысын басты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінде жеңіске жеткен Джарретт Херд WBA, IBO және IBF тұжырымындарың чемпионы атанды.
Айта кетейік, Қанат Ислам WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 2 орында тұр. Отандасымыз 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр.