Головкин туған күнінде ат жарысын тамашалады

Головкин туған күнінде ат жарысын тамашалады

Бүгін орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 36 жасқа толды, деп жазады baq.kz.

Туған күнінде қазақстандық боксшы атақты Santa Anita Derby ат жарысына барған. Бұл туралы «ВКонтакте» желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы хабарлады.

Бұл шараға Головкинмен бірге оның ағасы Максим, бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Леффлер қатысқан.

- Justify мен Боб Баффертті Santa Anita Derby жарысындағы жеңісімен құттықтаймын! Тура менің болжағанымдай болды, - деп келтіреді қазақстандық спортшының сөзін әлемеутеттік желідегі «Геннадий GGG Головкин» тобы.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или