Польшадағы Әлем чемпионаты біздің ауыр атлетшілер үшін сәтсіз өтуде

Польшадағы Әлем чемпионаты біздің ауыр атлетшілер үшін сәтсіз өтуде
<p style="text-align: justify;"> <strong>Ауыр атлетикадан Польшаның Вроцлау қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін ерлер арасында 94, әйелдер арасында 75 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша медальдар топтамасы сарапқа салынады.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Онда ел намысын Мария Грабовецкая және Алмас Өтешов пен Владимир Седов қорғамақ. Алғашқы 6 күннің қорытындысы бойынша қазір турнир кестесінде 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Қытай құрамасы көш бастап келе жатыр. Үздік бестікке сондай-ақ, 3 алтын, 2 күміс, 2 қоламен Ресей, 1 алтын, 5 күміспен Корей халықтық демократиялық республикасы, 1 алтынмен Тайвань, 1 күміс, 1 қоламен Әзірбайжан командалары еніп отыр.</p> <p style="text-align: justify;"> 20 қазан күні басталған бұл байрақты бәсеке ертең ерлер арасындағы 105 келі және одан жоғары салмақтағы атлеттердің сайысымен аяқталады. Онда Қазақстан құрамасынан Сергей Истомин, Ескендір Момынбеков (105&nbsp;кг) және &nbsp;Зелимхан Әбубакаров (+105&nbsp;кг) өз бақтарын сынайтын болады. Бұған дейінгі сайыстарда күш сынаған Галина Мамонтова (48&nbsp;кг), Маргарита Елисеева (53&nbsp;кг), Сәуле Сәдуакасова (58&nbsp;кг), Карина Горичева (63 кг), Жазира Жаппарқұл, Гүлназ Наурызова, Анастасия Халикова ( 69&nbsp;кг), Арли Чонтей, &nbsp;Тимур Хасаров (56&nbsp;кг), Альберт Линдер (69&nbsp;кг) жүлдеден сырт қалған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или