Головкиннің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні ресми түрде хабарланды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні ресми түрде хабарланды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін болды. 

<span>Бұл ақпарат Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) сайтында жарияланды. Кездесу HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетілетінін де айта кетейік.</span>

<span>Дегенмен қазақстандық боксшыға қарсылас болатын мықтының есімі осы уақытқа дейін нақты аталмай тұр. Допинг қабылдады деген күдікке ілінген Сауль Альварес жуықта жекпе-жектен бас тартқан болатын. Қазір Головкинге қарсылас бола алатын екі кандидат тұр, олар: украиналық Сергей Деревянченко және ирландиялық боксшы Гэри О Салливан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или