Нұрзат Сабыров кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жектегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Qsport.kz порталына сілтеме жасап.
Талантты былғары қолғап шебері Нұрзат Сабыров кезекті жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Отандасымыз чехиялық Станислав Эшнерға (8-8-1, 5 КО) қарсы жұдырықтасады. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын болады.
Айта кетейік, бұл кеште сондай-ақ Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізетін болады. Нұрзат шаршы алаңда 4 кездесу өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или