Шарипова IBF, WBA және WBO чемпионымен кездесуі мүмкін

Шарипова IBF, WBA және WBO чемпионымен кездесуі мүмкін

Бокстан IBO және WBC Silver тұжырымы бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың командасы аргентиналық Анна Лаура Эстечемен жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл туралы AllFight.Ru сайтына Фирузаның менеджері Сергей Завилейский айтты.

«Біз Эстечеге ұсыныс жасадық, енді жауабын күтіп отырмыз. Аргентиналық боксшы әлемдегі маңызды IBF, WBA және WBO титулдарының иегері және супержеңіл салмақта (63,5 кг) өнер көрсетеді. Фируза бұл салмаққа көтерілуге дайын. Қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, маңызды титулдарды жеңіп қана қоймай, үш дәреже бойынша әлем чемпионы болады», - деді Завилейский.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или