Айдар Шәрібаева WBA чемпиондық белбеуіне таласады
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Канчио арасында титулды жекпе-жек өтетінін хабарлады.
Бұл кездесу 12 сәуірде Калифорния штатының Индио қаласында өтеді. Қазақстандық боксшы алғаш рет екінші жартылай орта салмақта жұдырықтаспақ. Боксшылар WBA құрлықаралық чемпион белбеуін сарапқа салады.
Айта кетейік, Айдар соңғы жекпе-жегінде Даулис Прескотты нокаутпен ұтқан еді. Жалпы, кәсіпқой бокста 7 рет рингке шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Алты рет қарсыласын нокаутпен ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или