Садриддин Ахмедов дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
<span>Кәсіпқой боксқа жаңадан ауысқан Садриддин Ахмедов алғашқы жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>
<span>Жастар арасында әлем чемпионы Садриддин «Қазақ сарбазы» Ахмедов өзінің дебюттік жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қарсыласымен көз арбасты. Отандасымыз Tони Баррерасқа (1-1 1 KO) қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да 72 келі салмақты көрсетті. </span>
<span>Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 69 келіде ел намысын қорғайтын Қазақстандағы ең үздік былғары қолғап шеберлерінің бірі. Отандасымыз 2016 жылы жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үш қарсыласын нокаутпен ұтып, ел қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған болатын. Ахмедов шаршы алаңда 252 жекпе-жек өткізіп, 242 рет қарсыластарынан басым болған.</span>