Бүгін қазақстандық боксшы Фируза Шарипова мен оның менеджері Сергей Завилейский Rixos President Astana қонақ үйіндегі баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер тағы бір отандық кәсіпқой боксшы Зарина Цолоевамен жекпе-жек өткізу жоспарда бар-жоғын сұрады.
Фируза Шарипова рингте Зарина Цолоеваны «өлтіреді» – промоутер
«Зарина Цолоева Фирузамен кездесуі үшін, ең алдымен, ол рейтингке кіруі керек. Әлем чемпионымен жұдырықтасу үшін рейтингте жақсы орында тұруы тиіс. Екі боксшының дайындығы әртүрлі. Фируза рингте Заринаны «өлтіреді». Фирузаның кәсіпқой бокстағы екінші-үшінші жекпе-жегінен кейін біз Заринаға ұсыныс тастадық, бірақ ол бас тартты», - деді Сергей Завилейский.
Спортшының менеджері боксшының жаттығуына қолғабыс ететін спарринг серіктері туралы да айтты.«Фирузаның спарринг серіктері әртүрлі. Біз шарт бойынша олардың есімдерін айта алмаймыз, арасында шетелдік боксшылар, чемпиондар бар. Спарринг әрқайсысы 3 минуттық 12 раундтан тұрады. Әр екі раунд сайын серігін ауыстырып тұрамыз. Ол ерлермен бокстасқанда ширай түсетінін байқадық. Ал қыздармен жұдырықтасқанда ол келесі екі раунд бойы демалады. Фирузамен дайындалуы үшін кәсіпқой бокспен айналысатын қыздар керек. Бұл не дегенмен кәсіпқой бокс, әуесқойдан едәуір айырмасы бар», - деді менеджер Астанада өткен баспасөз-мәслихатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или