«China Dragons» — «Astana Arlans»: Тікелей трансляция
Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында Қытайдың Гуйян қаласында қазақстандық «Astana Arlans» клубы жергілікті «China Dragons» командасымен күш сынасады. Кездесудің басталу уақыты - 17:30.
«China Dragons» — «Astana Arlans» арасында өтетін кездесудегі жұптар төмендегідей:
49 келі. Куан Янг (Қытай) — Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)
56 келі. Кинксян Май (Қытай) — Ильяс Сүлейменов (Қазақстан)
64 келі. Шенчже Ки (Қытай) — Бақдәулет Ибрагимов (Қазақстан)
75 келі. Женьхан Ванг (Қытай) — Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)
91келіге дейінгі салмақта қазақстандық команда намысын Антон Пинчук қорғау керек болған. Алайда оның қарсыласы кездесуге шығудан бас тартып жеңіс Антонға берілді. Осылайша Қазақстан құрамасы жекпе-жек басталмай жатып 1:0 есебімен алға шықты.
Жекпе-жектерден тікелей трансляциясын «Astana Arlans» командасының Facebook желісіндегі ресми парақшасынан таба аласыздар.