Деревянченко өкілдері Головкинмен келіссөз жүргізуге дайын
«Лу Ди Белла» промоутерлік компаниясының адвокаты Алекс Домброфф Халықаралық бокс федерациясына (IBF) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен өзінің клиенті Сергей Деревянченко арасында бесінші мамырда кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Prosports.kz ESPN.com сайтына сілтеме жасап.
Боксшының өкілі ұсыныс қабыл болып жатқан жағдайда екі жақ жақын арада келіссөзге кірісуге дайын екенін жеткізді.
«Головкин — Альварес арасындағы екінші кездесудің өтпеуіне байланысты WBC алдындағы міндет орындалды деп санаймын. Енді тез арада IBF алдындағы міндетке көшу керек. Егер Головкиннің келесі кездесуі Деревянченкоға қарсы өтпесе қазақстандықты IBF белдеуінен айыру керек. Біз Том Леффлер мырзамен сөйлесіп GGG Promotions компаниясымен екі жаққа да тиімді болатын келісімге отыруға дайын екенімізді жеткіздік», — деді Домброфф.