Головкин жекпе-жекке 30 күн қалғанда салмақ өлшеді

Головкин жекпе-жекке 30 күн қалғанда салмақ өлшеді

WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жекпе-жектен 30 күн бұрын салмақ өлшеді, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Қазақстандық боксшының салмағы 75,25 келі (165,9 фунт) болды. Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ережелері бойынша бұл процедура міндетті. Қазақстандықтың салмағы 176 фунт (79,8 келі) болуы керек еді.

4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или